Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Торғай а., К.Алтынсары, 69А
Басты   /    Жаңалықтар   /   

«Аудандық тілдерді оқыту орталығы»

15.03.2023
Бүгін,Жангелдин ауданы әкімдігінің «Аудандық тілдерді оқыту орталығы» КММ - нің жылдық жоспарына сәйкес, Наурыз мерекесінің алғашқы Көрісу күніне тұспа - тұс «Тұсау кесер» рәсімі өтті. Аймаққа беделді Сәбитбек ата мен Амантай әженің шөбересі,кішкентай бүлдіршініміз Нұрлан Мұхаммед- Сұлтан Ерсұлтанұлының үлкен өмір көшіне із тастап,Жер-Анаға қадам жасау тұсауын «Аманат» партиясының Жангелдин аудандық филиалының төрағасы құрметті азамат Ғабит Көдебайұлы Сүндетбаев кесіп, ақындық жүрегінен шыққан жылы лебізін білдірді. Атаулы іс шараға өңірімізге белгілі тұлғалар қатысып, ақ тілектерін арнады.
Мекеме:Жангелдин ауданы әкімдігінің «Аудандық тілдерді оқыту орталығы» КММ
Біздің мекен-жайымыз:Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Торғай а., К.Алтынсары, 69А
Телефон:8 (714) 392 12 02
Сұрақты жіберу